Шымкент қаласы Қаратау ауданы Жанқожа мешітінің ДСАК бөлімінде
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у): «Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректегі кірбіңді кетіреді» деген хадисіне амал етіліп, Шәкірттер арасында бір-біріне силықтар тарту етті. Осы орайда жамағат арасында ауызбіршілік, өзара сыйластық пен бауырмашылықты нығайтудың маңызы насихатталды. Сонымен қатар, Аллаһ разылығы үшін бір-бірін жақсы көрген жандардың Қиямет күні Алланың Аршысының көлеңкесінде болатындығы жөніндегі хадиске тоқталынды.
Іс-шара соңында ыстық сондай бауырмалдықпен жамағатпен отырып тортпен шәй ішіп тарқастық.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




