Шымкент қаласы, Сейітжан қари мешітінде «Сағындырған Рамазан» атты рухани семинар өтті.
Семинар барысында қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті, дүниелік және рухани пайдалары кеңінен насихатталды. Оразаның парыздары, сүннеттері мен мәкруһ амалдары айтылып, фиқһтық үкімдері жан-жақты түсіндірілді.
Арасында шағын фиқһтық көрініс қойылып, белсенділік танытқан шәкірттер арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жиын соңында Құран хатым дұғасы жасалып, апаларымыз еліміз бен қазақ халқының амандығы, бірлігі мен берекесі үшін ақ баталарын берді.
Алла Тағала баршамызды Рамазанға аман-есен жеткізіп, оны ықыласпен өткізуімізді нәсіп етсін.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







