Бүгін ҚМДБ Дәстүр және отбасы бағыты бойынша Шымкент медресе колледжінің конференция залында Отбасындағы адалдық пен жауапкершілік тақырыбында семинар өтті.
Шараға арнайы қонақ ретінде қатысып, өз ой-пікірлерімен шаһар бас имам орынбасары Ахметжан Керімбек, Абай ауданы Бибісара ана мешітінің бас имамы Самат Анарбаев және Нұрақ Шыңғыс Қаратау ауданы «Әл-Ғани» мешітінің наиб имамы, Қаратау ауданы бойынша «Дәстүр және отбасы» саласына жауапты имам қатысып, мазмұнды баяндама жасады.
Сондай-ақ, «Тура жол» мешітінің наиб имамы, Еңбекші ауданы бойынша «Жастар ісі» секторына жауапты маман Ержан Серікбайұлы өз ойын ортаға салды.
Сонымен қатар, іс-шараға «Шымкент медресе» колледжінің Жастар ісі комитетінің меңгерушісі Мұсатай Ерболат Оңалханұлы қатысып, жастарға бағыт-бағдар берді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






