ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің дін қызметі аясында ағымдағы жылды «Ислам және адал қоғам» деп жариялануына орай, халыққа қызмет — Хаққа қызмет деп адал қызмет етіп жүрген дін қызметкерлеріне «Сыйлық қоржынын» үлестіру сауапты дәстүрге айналды.
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында, жұма күні Бас имам Бақдәулет қажы Нұрматұлының бастамасымен қолға алынған бұл сауапты шараға қолдау жасаған «Әжелер мектебінің» мүшелері апаларымыздың қатысуымен, наиб имам Ахметжан Керімбек Тұран ауданында қызмет етіп жүрген дін қызметкерлеріне «Сыйлық қоржынын» үлестерді. Алла мол сауаптан жазсын!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі





