Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде аудан имамы Ербол Тастанбекұлының басшылығымен, ауданындағы мешіттердің имамдары мен дін қызметкерлерінің қатысуымен семинар болып өтті.
Семинарға «Сейітжан қари» мешітінің бірінші наиб имамы әрі Шымкент қаласы бойынша «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағытына жауапты Желеуов Дастан Сүлейұлы қатысып, «Жат діни ағымдардан» сақтандыру мақсатында дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, жамағаттың, әсіресе жастардың арасында жат ағымдардың қаупін түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, теріс діни ағымдарға еріп кетпеуін алдын алу секілді жұмыстардың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Жиын барысында, аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы Шымкент қаласының бас имамының хаттамалық тапсырмаларымен таныстырып, алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтады.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38