Тұран аудандық Жастар ісі секторының жетекшісі Ақылжан Ілиясұлының ұйымдастыруымен, жастар арасында “Салауатты өмір”
салтын сақтау мақсатында футболдан достық кездесу турнирі өткізілді.
Турнир алдында жастарға “Денсаулық”, “Бауырмашылық” жайлы әсерлі насихат айтып, турнир соңында жеңімпаз команда мен үздік ойыншылар марапатталып, қомақты сыйлықтар табысталды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі





