Бүгін Қазақстан мұсылмандарыдіни басқармасыныңТөрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Еңбекші аудандық мешітінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында топ мүшелерінің кезекті кездесуі ұйымдастырылды.
Бұл босқосуда «Ұшқан ұя», «Көшпенділер», «Ихсан рухани тәрбие негізі» кітаптары оқылып, кітап арқылы білім көкжиегін кеңейтіп, ой-өрісті дамытуға бағытталған мазмұнды кездесу болды.
Айта кетсек, бұл бағыттағы кездесулер апта сайын көшпелі түрде ұйымдастырылатын болып шешілді. Әр кездесу барысында бір кітап мазмұны мен мақсатын таныстырып, түсіндіріледі.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




