Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында,Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына орай,Тұран ауданының бас имамы Бекбауов Ерман имамның ұйымдастыруымен, аудандық»Қождан ата» мешітінде «Muftiyat»баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау мақсатында «Мешітке кітап сыйла»шарасы өткізілді.

Игі шара барысында «Muftiyat»баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ»,»Отбасылық сұрақ-жауаптар»,»Құран інжулері»,»Исламдағы сауда-саттық»,»Пәтуалар жинағы 1-5″,»Ислам ғибадаты»сынды әртүрлі 22 құнды кітап Тұран ауданына қарасты мешіттерге табыс етілді.

Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен,аталған кітаптар аясында мешіт жамағаттары арасында түрлі деңгейдегі сайыстар мен жарыстар ұйымдастыру қолға алынатын болды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38