Бүгін Шымкент қаласының мешіттерінде «Бабалар рухына Құран Хатым дұғасы» іс-шарасы ұйымдастырылды. Игі шара аясында мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың рухына Құран оқып бағышталды.
Мешіт имамдары Құран Кәрімді толық оқып, жамағатпен бірге бабалар рухына дұға бағыштады. Орталық мешіттегі басқосуға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастаған дін қызметкерлері мен ұстаздар қатысты.
Айта кетсек, мешіт жамағаты Құранды толық оқып, елім, жерім, отаным деп өткен бабалар рухына Құран Хатым бағашталды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38