Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық Әл-Фараби атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесіп Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 36 жыл толуына орай және кітап оқу әдістемесіне байланысты семинар ұйымдастырылды. Семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қалалық Әл Фараби атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Анар Жаппарқұлова, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Самат Сапарханұлы, Әзімбек Қарабеков, Ералы Есенгелдиев, Ербол Қалшабек, Ерман Бекбауов және қалалық Жастар ісі секторы мен Дін мен дәстүр бағытының мамандары мен имамдар қатысты.
Негізгі мақсат — мешіт имамдарының біліктілігін арттыру бағытында қазақ ақын — жазушыларының еңбектерін оқу болып табылады.»,- деді шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы.
Семинар барысында қазақ ақын-жазушыларының шығармаларына арнайы шолу жасалды. Сондай-ақ 12-қаңтар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 36 жыл толуына орай атқарылған жұмыстар сараланып, оралымды ойларын ортаға салды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шарада кітапхана басшысы Анар Жаппарқұлова алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


























