ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің алғашқы кеңейтілген жиналыс өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Бекайдар Әміре, Дәурен Тасқараев, Исламқұл Иманқұлұлы, қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев т.б. аудан мешіт имамдары қатысты.
Мәжіліс барысында Мұхамеджан Естеміров ҚМДБ-ның төрт бағыт жұмыстары: дін мен дәстүр, жат ағымның алдын алу, діни оқу ағарту және уағыз-насихат т.б сала бойынша жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспарын таныстырды. Мұнымен қатар, ауданға қарасты кураторлар мен салаға жауапты жетекші мамандарды бекітті.
Сондай-ақ, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы жыл басында берілген тапсырмаларды толық орындау қажет деп аталмыш бағыттардың жұмысын ширатуды тапсырды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38