ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі «Дін мен дәстүр тағылымы» атты рухани танымдық отырысы өтті.
Игі шараға шаһар бас имам орынбасары Ахметжан Керімбек, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Жастар ісі секторы Азимбек Қарабеков, қалалық дін мен дәстүр бойынша сала жетекшісі Самат Анарбаев және салаға жауапты мамандар қатысты.
Негізгі мақсаты – дін мен дәстүр құндылықтарын насихаттау, Жастар тәлім-тәрбиесі, қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгініне тоқталу, аймақтан шыққан дін қайраткерлерінің өмірі мен еңбектерін таныстыруға бағытталған.
Басқосу барысында айлық және жылдық жұмыс жоспары пысықталды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38