16- шы ақпан күні Мақтарал ауданы, Жастар ісі секторының жетекшісі Шаймерден Бағдаттың қатысуымен Асық ата кенті, №15-ші кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерімен «Дін және қоғам» тақырыбында алқалы жиын болып өтті. Жиынға Мақтарал ауданы, Жастар ресурстық орталығының орынбасары Абенов Ербол, Әлеуметтік- психологиялық сүйемелдеу орталығының бөлімше басшысы Буртенов Ербол және әжелер алқасының төрайымы қатысты. Әуелі сөз алған Жастар ресурстық орталығының орынбасары Ербол Абенов келген қонақтарды таныстырып, заманымызда болып жатқан түрлі оқиғалар (соның ішінде ерте жүктілік, жастардың білімсіздігі, діни ағымдар, қыз тәрбиесі және т.б) жайлы айтып өтті. Жастар ісі секторының жетекшісі Бағдат Асанұлы діни ағымдардың шығу тегі, олардан келер қауіп, сонымен бірге дәстүрлі Ханафи мәзһабы мен айырмашылықтары жайлы айтып, сақтану жолдарын түсіндірсе, әжелер алқасының төрайымы қыз-тәрбиесінің қазақ дәстүрінде маңызды рөл атқаратындығын атады. Студенттер мен келген қонақтар арасында сұрақ-жауап болып, семинар соңында шынайы алғысын білдіріп шығарып салды.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі