Шымкент қаласы, Тұран ауданы “Д.А.Қонаев” мешіті әйел-қыздар секторының шәкірттері арасында Әмина және Айгүл ұстаздардың ұйымдастыруымен “Намазым — Көзімнің нұры” атты іс-шара өтті. Шара барысында әйел жамағатына жаңа қосылған 5 адамға дәрет және намаз туралы дәріс өтіліп, тәжірибе түрінде үйретілді.


