Бүгін ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Дархан дала отандық туризмді дамыту мақсатында
Түркістан облысы Біркөлік елді мекеніндегі «Мейірім Тау» демалыс кешенінде дәстүрлі және сүндетке сай спорт түрлерінен сайыс өтті.
Игі шарада шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ашып, барша қатысушыларға сәттілік тілеп, қатысты. Сайысқа қаламыздағы бес ауданнан діни қызметкерлер қатысып, дәстүрлі садақ ату, арқан тарту, асық ойнау, ләңгі тебу ойындары бойынша бақ сынасты. Жүлделі орын иелері арнайы сыйлықпен марапатталды.Атап айтар болсақ:
Ләңгі тебуден бойынша І-орынды Бақдәулет қажы Нұрматұлы алды.
Асық атудан І-орын Бегайдар қажы Әміре иеленді. Ал Садақ атудан сайысының І-орын иегері Дөрбетхан Жомарт алса, Арқан тарту сайысы бойынша Абай ауданы I-орынды иеленді.
Шара соңында ұйымдастыру алқа төрағасы, Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын қажы Бектұрсынұлы басшылық құрамға және барлық қатысушы діни қызметкерлерге алғысын білдірді.
Барлық жеңімпаздар арнайы сыйлықтар және сертификаттармен марапатталды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38