Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігінің қолдауымен және Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасы негізінде, Абай ауданына қарасты Гауһар ана мешітінде “Дін мен дәстүр” бағыты аясында мазмұнды іс-шара өтті.

Шара барысында “Дін мен дәстүр” атты еңбектің 1, 2 және 3-кітаптарынан арнайы сұрақтар қойылып, қатысушы жамағаттың және медресе шәкірттерінің білім деңгейі мен діни танымын арттыруға бағытталған танымдық шара өткізілді.

Іс-шараға Абай ауданы бойынша “Дін мен дәстүр” бағытының жетекшісі Аманқұл Қажымұхан Асанұлы арнайы қатысып, өзінің құнды кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар Гауһар ана мешітінің имамы Ғалымжан Назаров шәкірттерге насихат айтып, бұл бағыттың қоғамдағы маңызына тоқталды.

Жалпы бағдарламаның мақсаты — ұлттық салт-дәстүріміз бен Ислам құндылықтарының өзара үйлесімін насихаттау, жастардың діни сауатын арттыру және имандылыққа бағыттау болды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, жамағатқа рухани әсер қалдырды. Атсалысқан барша жанға Алла разы болсын!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38