Бүгін Шымкент қаласы бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының қатысуымен орталық мешіттің жамағаттары мен шәкірттерінің арасында «Дін мен дәстүр» кітаптарынан сайыс өтті.

Сайысты ұйымдастырушылар Шымкент қаласы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты және «Жастар ісі» бойынша жауапты имамдар «Дін мен дәстүр» кітаптарынан сұрақтар қойып, жауап бергендерге ынталандыру сыйлықтарын үлестерді.

Сайыстың мақсаты жамағаттың және шәкірттердің «Дін мен дәстүр» кітаптарын оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38