Бүгін Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешіті мен қалалық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
Қайырымдылық шара барысында шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров сөз сөйлеп, көмекке зәру 150 оқушыға мекепке қажетті құралдарын табыс етті.
Акция барысында баларға мектеп формасы мен сөмкесі, дәптер, қаламы т.б. секілді заттар қамтылды.
Қолдау білдірген демеушілік танытқан барша азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

