Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық Байғұт баба мешіті мен қалалық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы болып өтті.
Қайырымдылық шара барысында шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан аудан бас имамы Ербол Қалшабек сөз сөйлеп, көмекке зәру 100 оқушыға мекепке қажетті құралдарын табыс етті.
Акция барысында баларға мектеп формасы мен сөмкесі, дәптер, қаламы т.б. секілді заттар қамтылды.
Қол үшін беріп, демеушілік танытқан барша азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






