SAM157

 SAM157

ОҚО Шымкент қаласы облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы мен облыстық Жастар ақпараттық орталығының ұйытқы болуымен «Жанды кітапхана  (Живая библиотека) жобасы» атты кездесу болып өтті.

        Аталмыш шараға облыс имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров және Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің ұстазы Данабек Жұмабеков арнайы қатысып, оқырман тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

       Жобаның негізгі мақсаты – қоғамда теріс  түсінік қалыптасқан, кемсітушіліктерге ұшыраған белгілі бір топ адамдармен бей ресми ортада әңгімелесу арқылы теріс наным-сенімдерден арылуға, қоғамда дұрыс көзқарас қалыптастыруға,  ой-өрісті кеңейтуге көмекседуді көздейді.

Сондай-ақ, кітапшілік қауымды оның ішінде жастарды кітап оқуға шақыру болып табылады.

        Кездесуге келген оқырмандарға мешіттің атқаратын міндеті,  діни сенімдер,  хиджаб мәселелері, діни кереғар ағымдардан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді.

Шараға қатысушы азаматтардың барлығы өздеріне мол мағлұмат алып, риза екендіктерін жарысмады. Бұл бастама алдағы уақытта жиі қолға алынатын болып шешілді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

 SAM152

 SAM153

 SAM154

 SAM155

 SAM156

 SAM157

 SAM158

 SAM159

 SAM160

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38