Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби аудандық «Нұр мешітінің бас имамы Анарбаев Самат биылғы 2016 жылды «Мешіттерді абаттандыру жылы» деп жариялаған еді. Осыған сәйкес аудан бас имамы Анарбаев Самат ауданға қарасты Бірінші Мамыр, Қасқасу , Қоғалы ауыл округтеріндегі мешіттердің жағдайларымен, тыныс тіршілігімен жақын танысып мешіт имамдарына өкілдік тапсырмаларын жеткізіп, кемшілік тұстарын ретке келтіруді айтты.
Сонымен қатар ауылдың мазарларының жағдайы, көктемгі тазалық жұмыстары, көшеттер егілуін, мешіт құрылыстарына қатысты құжаттарды жасау туралы ескертулер айтылды.
Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі