SAM161

 SAM161

Шардара ауданы Қоссейіт  ауылында орналасқан  мәдениет үйінде «Ұрпақ тәрбиесіне кім жауапты», – атты кездесуге Қоссейіт ауыл әкімі Ж. Асқар, қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов, аудан имамы А. Данияров, Шардара аудандық прокуратурасының прокуроры А. Туршеков, Қоссейіт жалпы орта мектебінің директоры О. Қалшабекова, Сырдария жалпы орта мектебінің директоры Ж. Умиралиева, учаскелік полиция инспекторларымен ата – аналар  қатысты. Сөз кезегінде  аудан имамы жастар тәрбиесіне тоқталып, тәрбиенің негізгі бастауы  отбасында қаланады. Кез келген ата – ана баласын жамандыққа қимайды, жаман істің иесі болғанын да қаламайды. Әр жанұя баласына өзіндік тәрбие береді. Қазіргі уақытта балаларға болмайды деген сөз жанұяда айтылмай қалады – ау, сірә. Көбіне балалардың материалдық жағдайына көңіл бөлінеді де, ал бірақ рухани тәрбиесіне мән берілмейді. Әйтпесе жастар бізге басқа жақтан келген жоқ.  Бүкіл жамандықтардың басы  жаман дос. Жаман дос – баланың дөрекі, өтірікші, ұрлықшы және әдепсіз болуына себепші болады. Мұндай жаман мінездерге ұрынғандар ұзақ жылдар бойы бұл жаман мінезінен арыла алмайды. Бүгінгі таңда ел игілігіне қыетіп жатқан көк күмбезді биік мұнаралы мешіттер мен мұндалаған тұла бойыңды рухани тербеліткен азанымен жамағатты өзіне имандылыққа шақыруда. Құрметті ата – аналар екі дүние бақыты  имандылықта, сол себепті жастарымызды рухани тәрбиелеуіміз қажет деп сөзін қорытындылады.

Шардара ауданы «Шардара»  орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 SAM161

 SAM162

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38