Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Түркістан облысы, Түлкібас ауданында орналасқан «Машат» демалыс аймағына қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімі арнайы экотур шарасын ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұсабек Ақтамберді,  Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Tawaf Travel» қажылық компаниясының өкілі Әлжан Сәдиев, қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің өкілі Мұхамеджан Естеміров, елге белгілі ақындарымыз және  қала аудан имамдары мен ұстаздары қатысты.

Табиғат аясында  ұйымдастырылған шара барысында арнайы діни семинарлар өкізілді. Сондай-ақ, Дін мен дәстүр бағыты аясында арқан тарту, ләнгі тебу, асық ату, садақ ату сынды ойындар ұйымдастырылды.  

Айта кетсек, ҚМДБ-ның қолға алып отырған салаларының бірі һәм бірегейі отандық туризм саласын дамыту, киелі орындарды насихаттау мақсатында «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімі жұмыс жасап келеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38