Бүгін ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бағыты бойынша Шымкент орталық мешітінде 2025 жылғы балаларға арналған «Имани жаз — 2025» атты жазғы діни сауат ашу курсының ашылу шарасы ұйымдастырылды.
Салатанатты шараның ашылуына шаһар бас имамының орынбасары Ахметжан қажы Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық діни оқу ағарту саласына жауапты маман әрі найб имам Қазыбек Сарыбаев ұстаздар қатысып сәттілік тіледі. Кездесу барысында ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахмановтың құттықтау сәлемін жеткізіп, шәкітттерге сәттілік тіледі.
Ал курс жұмыстарын Азимбек Қарабеков және Ақжарқын Түзелова бастаған ұлағатты ұстаздар дәріс жүргізуде.
Курс барысында ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімі тарапынан әзірлеген «Имандылық әліппесі» кітабы негізінде дәріс өткізіледі.
Жалпы, бүгінгі таңда қала бойынша 93 мешітінде күндізгі діни сауат ашу курстарында 3500 шәкірт тәлім алып жатыр.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




























