Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Дін мен дәстүр» бағытының жұмыс жоспарына сай, “Кешірімділік — отбасы тұрақтылығының басты негіздерінің бірі”,- атты көшпелі семинар болып өтті. Аудан бас имамы Ербол қажы Тастанбекұлының жетекшілігімен семинар қасиетті Құран оқылумен басталды. Семинарға ауданда орналасқан мешіттердің имамдары мен ұстаздары және әрбір салаға жауапты дін қызметкерлері мен жастар секторы өкілдері қатысты. Семинар барысында, қатысушыларға ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, наиб мүфти мен ҚМДБ баспасөз хатшысының еңбектенулерімен жарық көрген кітаптардың танытымы жасалып, мешіттерге үлестіру үшін имамдарға таратылып берілді.

Жиынды қорытындылаған аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы өкілдіктің тапсырмаларына жеке-жеке тоқталып, олардың жоғарғы деңгейде орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38