Бүгін Шымкент қаласы бойынша 97 мешітте қасиетті Құрбан айт намазы оқылды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың сәлемін жеткізіп, айт намазын Мұсабек Ақтамберді Шымкент қаласының тұрғындары мен жамағатын айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ Төрағасы Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізді.
Айт намаз жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Намазға келген халық мерекелік көңіл күймен айт намазын атқарды. Қасиетті Құрбан айт құтты болсын!
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі
































