SAM143

 SAM143

Астанада өткен имамдар форумында қабылданған төрт құжат  тұғырнаманы кең көлемде насихаттау мақсатында және Діни басқарма тарапынан қабылданған «Дін және тарих тағылымы»  бастамасына орай ОҚО Арыс қалалық «Әбдіғаппар» мешітінде қала, ауыл имамдарының қатысуымен мәжіліс болып өтті.

       Аталмыш шараға облыс имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, Діни басқарма тарапынан қабылданған «Дін және тарих тағылымы»  бастама аясында атқарылатын бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.

     Сондай-ақ, барша имам, молда, азаншы, ұстаз т.б. мешіт қызметкерлерінен жеті бағыт бойынша сынақ алынатындығын айтып, оған жоғары деңгейде дайындалу қажет екендігін пысықтады.

                                      

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

 SAM142

 SAM143

 SAM144

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38