Қараша айының 21 – ші жұлдызы күні Шардара ауданы Қызылқұм, Алатау батыр, Ұзын ата ауыл округтерінде «Діни сауатсыздық діни экстремизмнің бастауы», – атты тақырыбындаауыл тұрғындары мен мектептің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Аудандық ақпарат насихат тобының мүшелері Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Алибеков, ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Д. Байбеков, Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров қатысты. Кездесу барысында жалған кереғар Сәләфилік діни ағымның іс-әрекеттері талқыланып, ҚМДБ – ның ұстанып отырған бағыты еліміздің ынтымағын нығайтып, бірлігін арттыру жайында жан – жақты мәліметтер берілді.Жиынға ауыл Ұзын ата ауыл әкімі М. Мусаев, Қызылқұм ауыл әкімі О. КулиевАлатау батыр ауыл әкімінің кеңесшісі Б. Қанаев мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ауыл биі қатысты. Кездесу соңында аудан имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы, «Ханафи мазхабы және Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы маңызды тәлімдік құжатқа тоқталып өтті.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.