Аллаһ елшісі шексіз сабырлы еді. Ғұмырында өзіне жамандықты көп жасаған: қасынан өтіп бара жатып түкіргендер де, намазда сәждеге барған кезінде басына түйенің қарнын ақтарғандар да, жолына тікен шашып, тас лақтырғандар да, келеке етіп мазақ қылғандар да, отбасына адам жаны түршігерлік жала жапқандар да, жанындай жақсы көретін достарын өлтіріп, жанын сыздатқандар да болды, бірақ Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) еш мойымай, бәріне төзімділік танытты.

Себебі, Аллаһ тағала:

«(Расулым) қазір сен сабыр ет. Аллаһтың уәдесі шындық екенін біл. Ал бұған сенбейтіндер сені мойытпасын»; (Рум сүресі, 60).

«Раббыңның үкімдеріне сабырлық таныт. Себебі сен біздің көз алдымыздасың. Орныңнан тұрар кезде де Аллаһқа шүкірлік айтып ұлықта»; (Тур сүресі, 48).

«(Расулым) сен олардың айтқандарына сабыр ет», — деп әмір еткен-ді (Сад сүресі, 17,). Мағриб ғалымдарынан Қады Ияд бұл жайында: «Пайғамбарымыз өзіне жасалған жамандықтарды жазалауға шамасы келсе де сабырлық танытып, кешірім жасауды дұрыс көргені жайында өте көп деректер бар. Жетістікке жеткенге дейін құрайыштың көрсеткен қорлықтарына, қараңғылық дәуірдің надандығын паш ететін жәбірлерге сабыр етіп, шыдамдылық танытқаны жөнінде кітаптарда бұлтартпас дәлелдер көптеп кездеседі»,- деп айтқан.

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий