Бишри Хафи (р.а) жас кезіндегі жасаған қателіктерін түсініп, тура жолға қалай келгендігін былай деп баяндайды: «Бір күні мас кезімде, бір жазуы бар қағазды тауып алдым. Қағазды жерден алып, сүйіп,  былғаныштан тазартып, әдемі иіс сеуіп, үйдің биік жеріне іліп қойдым.  

    Сол түні бір ғалым кісі: «Барып, Бишрға айт, есімімді тазалап, әдемі иіс жаққаны үшін сенің де дәрежеңді көтеремін. Сенің есіміңді бұл дүниеде  және ақыретте  тазартып, әрі  көркем етемін делінді» – деген түс көреді. Осылайша осы түс үш рет қайталанады.

    Сол күні азанда түс көрген ғалым кісі  Бишр Хафиді  шарапханадан  іздеп табады. «Саған сүйінші хабарым бар» – деп  оны шақырады.  Бишр Хафи қасына келіп: «Кімнен хабар келді?» – дейді. «Саған Аллаһ Тағаладан хабар әкелдім», – дегенде,  Бишр Хафи жылап жібереді. Сосын: «Маған ашуланып жатқан шығар, ауыр азапқа салатын болар?» – дейді. Оның көрген түсін тыңдаған соң ол достарына, «Ей, достарым! Мені шақырып жатыр, ендігәрі мені бұл жерден көрмейсіңдер» – деп олармен біржола қоштасып,  хабар әкелген адамның соңынан  ереді.  Тәубасына келген кезде, аяғында аяқ киімі болмағандықтан, еш аяқ киім киюді қажет етпейді.  Себебін сұрағандарға: «Аллаһ Тағалаға сөз берген кезімде, жалаң аяқ едім, енді қажеті жоқ» – деп жауап беріпті.   Аяқ киім кимегені үшін оған Хафи (жалаң аяқ) деуші еді.

Бишри Хафи жалаң аяқ жүргені үшін Бағдаттағы жан-жануарлар да оны құрметтеп,  қала көшелерін ластамаушы еді.  Көшелер таза болатын. Бір күні көшелердің ластанғандығынан адамдар Бишри Хафидің өмірден өткенін білген екен.

ОҚО Орталық мешіт
 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38