Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде әз-Наурыз мерекесіне орай «Наурыз көже дастарханы» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре, қалалық «Халал Даму» ЖШС жауапты маманы Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, Жастар ісі секторы Әзімбек Қарабеков және «Әйел-қыздар» секторының мүшелері т.б. азаматтар қатысты.
Мерекелік шара аясында қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері, иман, ислам, ихсан, дін мен дәстүр туралы уағыз-насихат айтылып, қысқа-нұсқа түсіндіру жүргізілді.
Айта кетсек, игі шараға шаһардағы барлық мешіт ұжымы қатысып, нәтижесінде 15000 жанға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды. Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




















































