Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының нұсқауымен, аудан имамы Ербосын қажы Бектұрсынұлының ұйымдастырумен, Еңбекші ауданы «Исамиддин Баба » мешітінде «Зекет» қайырымдылық қорының жауапты өкілі Досумбаев Ержігіт Мамытұлы демеушілер арқылы Еңбекші ауданында мешіттерде тіркелген мұқтаж отбасыларға 100 кг ет үлестіріп берілді. Демеушілік жасаған қайырымды азаматтарға береке тілеп дұға жасалды. Алла Тағала мол сауаптар жазсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




