Қасиетті Рамазан айының бағдармасына сәйкес, Шымкент қаласының мешіттерінде «Намаз оқып үйренейік» рухани тәлімдік курсаты жұмысын бастады.
Рухани бағытта қолға алынған курс жұмысымен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов арнайы танысып, әрі қарай барлық мешіттерде жүргізуді тапсырды.
ҚМДБ Діни оқу-ағарту және кадр бөлімінің бекіткен жаңа бағдарламасы асында жаңадан намаз үйренуші азаматтарға Әбу Ханифа мәзһабы негізінде толық ақпарат беріліп, намаз үйрену жолдары мен тәріптері тәжірибе түрінде үйретіледі. Бұл бастама азаматтарымызды түрлі кереғар діни ағымдардан сақтандыру мақсатында қолға алынды.
Айта кетсек, «Намаз оқып үйренейік» рухани тәлімдік курсы қаладағы мешіттерде жүрігізіліп келеді. Курс барысында «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптар тегін үлестірілді.



