Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков т.б. азаматтар қатысты.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуден тұрған отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, тамат, макорон өкімдері, сабын, т.б.) берілген көмектің қаржы мөлшері 15500 теңгені құрайды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараға қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге Алла Тағала разы болсын!
Айта кетсек, қайырымыдылық 5 орында өткізілді. Кейбір азаматтардың мүмкіндік шектеуіне орай үйлеріне жеткізілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







