Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты “Есжанұлы Сейітжан қари” мешітінде сауат ашу курсында “Құраным асыл тәжім” атты концерттік бағдарлама өткізілді.
Бағдарламада шәкірттеріміз Құран аяттарын оқып , өлең шумақтарымен сусындатып, көңіл тебірентер әуендермен жамағаттың жүрегіне жете білді.
Мешітіміздің ұстазы Әйел – қыздар секторының басшысы Досжанова Балжан ұстазымыз келген жамағатқа тақырыпты ашып сүбелі сөзбен терең насихаттар айтты.
Әрмен қарай Құран жайлы көрініс көрсетіп көңілдерден орын ала білді. Шәкірттеріміз Әсмәул Хуснаны жыр шумақтарға қосып өз өнерлерін паш етті. Бағдарлама соңында мешітіміздің шәкірттерінен әліппені тәмәмдап Құранға түскендерге “Тәж “ кигізу рәсімі өткізілді. Жалпы 135 шәкірт Құранға түсті .Концерттік бағдарламаға 40 шақты көрермен келді. Келген көрермендерге, мешіт шәкірттеріне үлкен көлемде ас беріліп сый-сияпаттар таратылды.






