Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты “Дәуітұлы Шыңғысбай қажы”мешітінде “САҒЫНДЫРҒАН РАМАЗАН” атты іс шара өтті. Іс шараны Әл-Фараби ауданының бас имамы Есенгелдиев Ералы имам ашып берді.Алда келе жатқан айлардың сұлтаны – Рамазан айының қадір -қасиеті мен маңыздылығы жайында барынша түсіндірілді. Шәкірттердің дайындаған көрініс, өлең, түрлі ойындар өтті. Оразаның түрлері, бұзатын -бұзбайтын жағдайлары мен пәтуаларына толығымен тоқталып , иғтикаф ,пітір садақасының да пайдалары кеңінен айтылды.
Іс шара соңында, пысықтау мақсатында сұрақ-жауаптар қойылды. Белсенді шәкірттер сыйлықпен марапатталып, арамыздағы ақ жаулықты апамыздан бата алынды және жамағаттың ақ көңілімен жайылған ақ дастарханымыздан ас берілді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38