Шымкент қаласы Әл Фараби ауданы Сейіткәрім Қажы мешітінде шәкірттер арасында Құранның соңғы 10 сүрелері Фил ден бастап Нас сүресіне дейін жатқа айтудан жарыс өтті. Жарыста сүрелерді тажуид ережесімен, махрадж бен дұрыс жатталуы есепке алынып , бағаланды.
Іс-шараны мешіт наиб-имамы Дариев Алдияр ашып , жүлделерді табыстады .
Жүлдегерлер :
1 -орын Байша Аяжанға 15000 теңге
2-орын Арыстанбек Алинаға 10000 теңге
3-орын Ескермес Сумаяға 5 000 теңге
Иегерлері болды . Қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Іс-шарадан кейін барлық шәкірттерге дастархан жайылып , Миғраж түні жайлы
Жамалова Мираж ұстаз уағыз-насихат айтты.





