Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айына дайындық барысын пысықтауға арналған алқалы жиын өткізді.
Алқалы жиналыста бас имам кешегі өткен ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде қабылданған нұсқамалар мен маңызды тапсырмалар туралы айта келіп, қала бойынша салаларға жауапты имамдарға кезегімен сөз берді.
Сөз алған, салаларға жауапты имамдар ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде берілген нұсқамалар мен маңызды тапсырмаларды қатысушыларға кеңінен таныстырып, баяндамалар жасады.
Қорытынды сөзінде бас имам, Рамазан айына жоғары деңгейде дайындыққа және қасиетті айда Хаққа саналы құлшылық, халыққа сапалы қызмет етуге арналған ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде берілген нұсқамалар мен маңызды тапсырмаларын бұлжытпай орындауды баса айтып, абыройлы қызметтеріне жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




















