Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы Бозарық мөлтек ауданы Әл – Ғани мешіті жанындағы сауат ашу курсында “Мен жастарға сенемін “ атты концерттік бағдарлама өткізілді.
Бағдарламада шәкірттеріміз Құран аяттарын оқып , өлең шумақтарымен сусындатып, көңіл тебірентер әуендермен жамағаттың жүрегіне жете білді.
Мешітіміздің бас Имамы Дәрібаев Талғат Бақытұлы мен Әйел – қыздар секторының басшысы Досжанова Балжан ұстаздарымыз келген жамағатқа тақырыпты ашып сүбелі сөзбен терең насихаттар айтты.
Әрмен қарай Шымкент қаласына танымал болып жүрген Арт театр әртістері Құран жайлы көрініс көрсетіп көңілдерден орын ала білді. Шәкірттеріміз Әсмәул Хуснаны ,Арап әліппиінде жыр шумақтарға қосып өз өнерлерін паш етті. Жиынымызға Қарилар медресесінің ұстазы Зоя Ұстаз Құран хатым дұғасын жасап ,Пайғамбарға(с.а.с) арнап Мәуліт Шәрифте оқылды. Бағдарлама соңында мешітіміздің шәкірттерінен әліппені тәмәмдап Құранға түскендерге “Тәж “ кигізу рәсімі өткізілді. Концерттік бағдарламаға 150 көрермен келді. Келген көрермендерге, мешіт шәкірттеріне үлкен көлемде ас беріліп сый-сияпаттар таратылды .
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

