IMG 390

IMG 390

Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келді.
Ресми іс сапар барысында ҚМДБ наиб мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек т.б. азаматтармен бірге жуырда ғана қайта жаңарып, күрделі жөндеуден өткен Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Кездесу барысында Шымкент қаласына қарасты мешіттердің төрт бағыт бойынша атқарылған жұмыстар туралы Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдурахманов толық баяндап, түсіндірді.
Осыдан кейін, наиб мүфти мешіт қызметкерлерінің заман талабына сай болуы үшін ұйымдастырылған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тақырыбындағы имамдар семинарына қатысты.
Арнайы іс шараны өкіл имамы Ахметжан Пірәліұлы іс-шараны ашып, жүргізіп отырды. Семинар барысында ҚМДБ наиб мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен үстіміздегі жылы өткен Астана қаласы ІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы және «Ханафи мәзһабы мен Матуруди сенімі мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы тақырыбында кеңінен түсіндіріп, шеберлік дәріс оқыды. Дәріс барысында имамдарымыз өздеріне қажетті көптеген мәселелерге қанық болды.
Жалпы, іс сапар қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы бірқатар атқарылған оңды істерге өзінің жоғары бағасын беріп, бекітлген жұмыс жоспары аясында алда атқарылатын бірқатар тапсырмалар берді.
Шара соңында қатысушыға мерекелік дастархан жайылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 386

IMG 387

IMG 388

IMG 389

IMG 390

IMG 391

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38