Алла Тағала адам баласын ерекше қабілеттермен жаратқан. Әрқайсымыздың бойымызда игілікке ұмтылуға деген мүмкіндіктер бар. Бүгін Қождан ата мешітінде қыз-келіншектерге осы тақырыпты тереңірек талқылап, тұлғалық даму туралы ашық сабақ өтті.
Ашық сабақ барысында: 2025 жылға қалай мақсат қоямыз? Апта, ай, күнімізді жоспарлау және пайдалы әдеттер қалыптастыру жайлы кеңінен айтылды.
Ал, ашық сабақтың екінші бөлімінде қасиетті үш айлар Ережеп, Шағбан, Рамазан айлары жайлы болды. Бұл қасиетті айларда жасалатын құлшылық түрлері және сүннет амалдар, Рамазанға дайындық жайлы болды.
Сабақтың соңында сұрақ-жауап айдары өтті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі