Askabak pen jangak

Askabak pen jangak

 

 

 

Күздің жанға жайлы бір күні Қожа баудағы жаңғақ ағашын саялап жатыр еді. Төбесінен самсап тұрған бармақтай-бармақтай қошқыл жаңғақтарға көзі түскенде көкейіне бір ой келді. Қол созым жерде дүңкиіп-дүңкиіп жатқан асқабақтар да ойына ой қосты. «Япыра-ау!» деді, «О, Жаратқан ие, құдіретіңе шек жоқ қой. Бірақ, кейде бір істеріңе түсінбеймін.

Міне, мұнша алып ағашқа өзіне шақ емес, титімдей-титімдей жеміс іліп қоясың. Әне, жіп-жіңішке шөпке лақтай-лақтай асқабақ байлап қоясың. Түк те сәйкесіп тұр дей алмаймын…». Қожа өз ойының тізгінін бос жібергені сондай, тереңдеп қиял теңізіне батып, шарықтап түпсіз көкке ұшып кетті…

Бір мезгілде маңдайына тақ ете түскен қатты заттан Қожа селк етіп шошынып, шоршып басын көтерді. Не болды? Қараса төбесіне төніп тұрған жаңғақтардың бірі үзіліп дәл оң қабағына келіп тиген екен. Орны кәдімгідей шымырлап ауырып қалды. Дегенімен кішкентай жаңғақ ештеңе ете қоймапты. Осы сәт Қожаның терең, тебіреністі ойларының бетіне, бір ұшқын ой жалт етіп шыға келді:

«О, жаратқан ием! Неткен кемелсің! Егер бағанағы мен ойлағандай жаңғақтың орнында асқабақ тұрған болса, не болдым! Басым бас емес, табанда шелпек болатын еді ғой, ойбай! Күпірлігімді кеше гөр!» дегенде, Қожаның шоқша сақалы шошаң-шошаң етті.

 

ОҚО Орталық мешіт

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38