Шымкент қаласы орталық «Halifa al-Nahayan Aqmeshiti» мешітінде қыздар арасы Құран жарысы өтті. Жарыс 30-шы пара бойынша және 30-шы параның жартысы бойынша өтті. Бұл жарыс 2 турдан тұрды. Әр екі турда дұрыс жаттау, махраджын дұрыс айту және тәжуит ережелерін дұрыс қолдану бойынша бағаланды.
Әділ қазы алқасы ретінде Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің ұстазы Айжарқын Әмзеқызы, Сманов мешітінің ұстазы Жамал Батырбекқызы және Айқап мешітінің ұстазы Мариям Өтембайқызы төрелік етті.
Жарыс нәтижесінде жарты пара бойынша 1-орын, 30 000 тг сыйлықпен, Гүлмира Сәрсенбаева,
2-орын, 20 000 тг сыйлықпен, Гулиниса Сартаева,
3-орынға, 10 000 тг сыйлықпен, Зиеда Хайтмирзаева ие болды.
30-шы пара бойынша Құран жарысы нәтижесінде
1-орын, 50 000 тг, сыйлықпен, Қарлығаш Сапарбек,
2-орын, 30 000 тг сыйлықпен, Рабия Исабаева,
3-орынға, 20 000 тг сыйлықпен Аружан Алтынбек ие болды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі