Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Есжанұлы Сейітжан қари мешітінде әйел, қыз-келіншектер сауат ашу курсында Гүлзамира Мұстафақызы ұстазымыз “Намаз-көзімнің нұры” атты семинар сабағы өтті.
Семинар барысында шәкірттер намаздың парыздарын ,уәжіптерін және сүннеттерін үйрене отырып, шәкірттер намазды бұзатын және де намаздағы қателіктерін үйреніп, түзетті.
Семинар барысында сұрақ-жауаптар арқылы сабақ пысықталды. Белсенді жауап берген шәкірттерге кішігірім сыйлықпен марапатталды.
Семинарға 35 шәкірт қатысты.Арамыздағы 72 жасар Мінәй әжеміздің батасын алып ,дұға жасалды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38