Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Тура жол мешіті қасындағы әйел-қыздар бөлімінде «Адал астың маңызы» атты семинар өтті.
Семинарға арнайы спикер ретінде Шымкент қаласы бойынша әйел-қыздар секторы жетекшісі Балжан ұстаз Асылханқызы Досжанова арнайы шақырылып, жиналған ханымдарға әр мұсылман отбасының халал дастарханы қандай болуы керектігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Балжан ұстаз Асылханқызы адамзат баласына көл-көсір нығметтер берген Раббымыз солардың адалын ғана пайдаланып, ал арамынан аулақ болуды қасиетті Құранда қатаң ескерткендігі жайлы сөз бастап, ал мүбәрак хадистерден ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін және де кеңінен айырып көрсеткенін біле алатынымыз жайлы жиналған жамағатқа түсіндірді.
Және осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыың арнайы сараптама бөлімінде мемлекеттік кәсіпорындарға қалай тексеру жұмыстары жүргізілетінін, халал сертификаттары қалай берілетінін, табиғи қоспалар және доңыздан өндірілген түрлі заттардың діни және ғылыми негіздерге сүйеніп, харам не халалдығы жайлы мәлімет берді.
Тура жол мешіті ұстаздары ұжымы және семинарға қатысушы әйел-қыздар әр мұсылман білуі тиіс болған өте пайдалы бұл мағлұматтар үшін Балжан ұстаз Асылханқызына өз алғыстарын білдіреді.