IMG 298

IMG 298

Бұл мереке қаладағы барлық мешіттерде айт намазын оқумен басталды. «Шардара» орталық мешітінде аудан әкімінің орынбасары Н. Сапаров, аудан имамы А. Данияров жиналған көпшілікті қасиетті құрбан айт мерекесімен құттықтап, бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән – маңызы аса зор, өнегесі өзгеше. Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы Жаратушы Иеміз – Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міскін жандарға қамқорлық көрсететіндігін тілге тиек етті.Құрбан айт намазынан кейін «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көрерсің», – атты акциясы аясында аудан әкімі ҚыстауовБолатбек Дүйсенбекұлы 1 мал ірі қара, ҚР Парламент мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан Төлепұлының атынан 1 мал ірі қара құрбандығышалынып, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер мен басқа да азаматардың құрбандық мал еттері қала әкімшілігінде және мешіт тізімінде тұрған мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасылар, көп балалы жанұяларға, тұрмысы төмен жандарға, барлығы 150 отбасыға құрбан еттері таратылып берілді.
СПК Хамит ЖШС балық зауытының ұйымдастыруымен 200 адамға Құрбан айт мерекелік дастарханы жайылып, мәдениет бөлімінің әншісі Мұрат Қоңырбай «Туған жерім тағдырым» әнін айтып көңілді серпілтсе, кештің соңы спорттық шаралармен жалғасын тапты.
Қала, ауыл мешіттеріндеШардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Арман Қарсыбаевтың демеушілігімен Құрбан айт құрметіне арналған спорттық іс – шарада, атап айтқанда қол күрес, арқан тарту, асық ойнау, гір көтеру, қошқар көтеруден сайыстар ұйымдастырылып, өткізілген әр номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды. Ұлық мерекеде мұсылман жұртшылығы айт мейрамын қуанышпен тойлады.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 297

IMG 298

IMG 299

IMG 300

IMG 301

IMG 302

IMG 303

IMG 304

IMG 305

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38