ҚМДБ Шымкент қаласы , Қаратау аудандық, “Байғұт баба” мешітінде 25-қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған “Құран – Мәңгі Мұғжиза” атты Құран жарысы өтті.
Жарысымыз Қасиетті Құран оқумен және Қаратау ауданы Бас имамы Ербол Қалшабектің қатысушыларға ақ тілегімен басталды.
Орталық мешіттің найб имамы Мұхаммеджан Естеміров және Сейітжан Қари мешітінің бірінші найб имамы Дастан Желеуов келген қонақтарға Қала имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, қатысушы шәкірттерге сәттілік тіледі.
Бекайдар қажы Әміре атамыз барша келушілірге ақ батасын берді.
Сайысқа 30 үміткер 3 номинация 29,30-пара, 30-пара және жарты пара бойынша қатысты.
Әділ қазылар Нұрсұлтан қари, Шоқан қари және Мейірбек қари өздерінің әділ төрелігін жасап 9 үздік болып шыққан шәкірттерді анықтады.
Барлық қатысушыларға Алғыс хат пен сыйлықтар берілді.
3 номинация бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Жарты пара:
3-орын
Жандарұлы Мұхаммеджан 10 000 тг
(Есжанұлы Сейітжан қари мешіті)
2-орын
Жидебай Мирас 15 000 тг
(Есжанұлы Сейітжан қари мешіті)
1-орын
Тимурұлы Нұғман 20 000 тг
30-пара
3-орын
Сраж Абдурахим 10 000 тг
(Байғұт баба мешіті)
2-орын
Төлеген Абдурахим 15 000 тг
(Аңламас ата мешіті)
1-орын
Нусратиллаев Акмалхон 25 000 тг
(Ибадулла қажы мешіті)
29,30-пара
3-орын
Төлеген Бейбарыс 25 000 тг
(Аңламас ата мешіті)
2-орын
Талғат Мұхәммәд 35 000 тг
(Есжанұлы Сейітжан қари мешіті)
1-орын
Есенәлі Жармахан 50 000 тг
(Байғұт баба мешіті)