Сіздерді 25 қазан – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ерекше күн еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы – Тәуелсіздік туралы декларация қабылданған күн! Тәуелсіздік – бұл біздің бабаларымыздың арманы, тарихымыздың асыл мұрасы. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мәңгі болсын. Баршаңызды Республика күнімен құттықтай отырып, Алла Тағаладан отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, асыл дініміз көркейіп, еліміз үшін қызмет етуде табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы