ҚМДБ Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына орай, Тұран ауданына қарасты «Айқап» мешітінде көшпелі семинар болды.
Семинарда Шымкент қаласы Орталық мешітінің наиб имамы, Тұран ауданының кураторы Сарыбаев Қазыбек имам «Адал астың маңызы» ҚМДБ Халал өнімдер және оларды насихаттау турасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар соңында Тұран ауданына қарасты имамдардың көкейінде туындаған сұрақтарына кеңінен жауап берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі