Мәулід айының қарсаңында, Шымент қаласы , Қаратау ауданы, Байғұт баба мешітінің Фурқан оқырмандар клубының аруларына Қыркүйек айының жоспары бойынша Гүлжан Нұрланқызының жауаптылығымен , жетекші ұстаздардың ұйымдастыруымен “Алла үшін дос болу” тақырыбында рухани кездесу өткізді.
Кездесу барысында жас бойдақ аруларға жақсы ортаның маңыздылығы, жақсы адал, жанашыр достың маңыздылығы жайлы кішігірім насихат кеңестер айтылды. Қыздарымыз отырыс барысында бір бірімен жақыннан танысып, ойын ойнап жақсы көңіл күйде тарасты. Алла үшін дос болудың не екенін тереңінен түсінген арулар, ортаға жеребе тасталып, алдағы уақытта бір бірімен жақыннан араласып, жақсылықта жарысатын бауыр боламыз деген ниетте қайтты. Келген аруларымызға Алла разы болсын, барынша пайдалы кездесу болды деген үміттеміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызмет